Әлемдегі аса ірі мұсылман елінде зина қылмыстық іске жатқызылатын кодекс қолданысқа енді
Әлемдегі аса ірі мұсылман елінде зина қылмыстық іске жатқызылатын кодекс қолданысқа енді
6 сағат бұрын 72 Материалды көшіріп басқанда Islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Индонезияда 2026 жылдың қаңтарынан бастап некелескен жарынан өзге адаммен жынысқы қатынасқа түсуге, яғни, зинақорлыққа тыйым салатын бап қарастырылған ұылмыстық кодекс қолданысқа енді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2022 жылдың желтоқсан айында аталған ел парламенті қабылдаған заң тек ел тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар, ел аумағындағы, соның ішінде саяхатшылар ағылып баратын Бали аралындағы шетелдік туристерге де қатысты қолданылады. Жаңа нормаға сәйкес зинақорлыққа барғандардың жақын туыстары да шағым түсіре алады: алданып қалған заңды жары, ата-анасы немесе балалары. Егер айыпталушының кінәсі дәлелденсе, бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Тек зинақорлыққа тыйым салынып қоймай, сондай-ақ, құдайға тіл тигізгендер де жазадан тыс қалмайды. Ең беделді Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы аталмыш ел билігінің бұл қадамын қатаң сынға алып отыр – азаматтық бостандыққа ауыр соққы берді деп. Дегенмен, мұндай заң отбасы және діни құндылықтардың нығайтуға бағытталған.

0 пікір
Мұрағат