Әлемдегі айтылмайтын террористік ұйымдардан қанша адам қаза тапқан?
Әлемдегі айтылмайтын террористік ұйымдардан қанша адам қаза тапқан?
8 жыл бұрын 3210 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Егер ірі ойыншылар мен саяси державалардың мүддесі тоқайласқан, соғыс өрті шарпыған, әлемдегі түрлі қақтығыс ошағына айналған аймақтардағы террористер мен көтерілісшілердің және бүлікшілердің қолынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен бейбітшілік орнаған, бірақ, соған қарамастан қылмыс өршіген аймақтардағы кісі өлімін салыстырғанда, бейбіт тұрғындардың қаза болу көрсеткішінің арасында жер мен көктей екеніне көз жеткізесіз. 

Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып, мұсылмандарға жала жауып жатса да христиан әлеміндегі аса ірі террористік топтар турасында жұмған ауыздарын ашпайды. Бұл арада Латын Америкасы құрлығындағы қылмыстан қаза тапқандар турасында сөз болып отыр. 

Мысалы, бүгінгі таңда аса ірі қақтығыс ошағына айналған Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы опат болған бейбіт тұрғындар мен Латын Америкасындағы қылмыстан қылмыскерлердің қолынан қаза тапқандар арасындағы көрсеткішке келсек, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1985-ші жылғы дерегі бойынша локалды, яғни, тек жергілікті сипаты ғана бар қақтығыстардан қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны 95%-ды құраған. Айталық, Сирияда соғыс лаңынан қырылғандардың саны 300 мыңнан кем емес, ал Иракта бұл көрсеткіш 600 мыңнан 1 млн-ға дейін жеткен. 

Алайда, қылмыс өршіген, зорлық-зомбылық үстемдік құрған аймақтардағы кісі өлімі көрсеткіші қарулы қақтығыс ошағына айналған аймақтардағыдан асып түспесе, кем түспейді. БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (UNODC — United Nations Office on Drugs and Crime) келтірген мәліметке назар салсақ, Латын Америкасы құрлығындағы зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыс әлемдік қылмыстың үштен бірін құрайды. Мысалы, Ауғанстанда 2001-2014 жылдар аралығында әскери ұрыс қимылдары мен арнайы операциясы кезінде опат болған бейбіт тұрғындар саны 26 мыңға жуық адамды құраған. Ал Латын Америкасы құрлығындағы шағын ел - Гондураста аталған кезеңде 67 мың адам қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан екен. Бұл арада Гондурас халқының саны Ауғанстан тұрғындарының санынан үш есе аз екенін айтпаған күннің өзінде. Латын Америкасындағы тағы бір шағын ел - Венесуэлада 1000 адамға шаққанда 90 кісі өлімі орын алып отырған. Яғни, әлемдік орташа көрсеткіштен , екі емес, үш емес, бақандай жиырма есе көп блып шыққан. 

Латын Америкасындағы қылмыс өмір сүру, яғни, күнкөріс деңгейінің мүлдем төмендігінен туындап отыр. Осыны пайдаланған наркобарондар арасындағы қақтығыстан, бизнесін кедергісіз жүргізу үшін билікке ұмтылуы кезінде болатын қақтығыстан жылына 140 мың бейбіт тұрғын опат болады екен.  

0 пікір
Мұрағат