Әлемде ядролық қалдықты терең көмуден көш бастамақ
|
Ядролық технология одан тек энергия алудың жолын қарастырмайды, сонымен қатар, оны барынша қауіпсіз жолмен пайдалануды да көздейді. Бұдан бөлек, пайдаланудан кейін оны қауіпсіз жолмен жоюды да ұйғарады. Бұл жайында islam.kz порталы scmp.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. КСРО мен АҚШ бастаған екі лагер арасындағы саяси-әскери текетірестен пайда болған қырғи-қабақ соғыс уақытында жаппай қарулану өз кезегінде атом энергиясын пайдалану процесін тездеткені белгілі. Тек әскери мақсатта ғана емес, экономиканы көтеру үшін бейбіт мақсатта да белсенді пайдалануға көшті. Алайда, адамзат пен қоршаған ортаға тигізер залалын азайту үшін оны мейлінше қауіпсіз жолмен сақтау немесе жою мәселесі әлі күнге өзектілігін жойған жоқ. Дәстүрлі тәсіл бойынша ядролық қалдықта кем дегенде 50 жылға қауіпсіз жолмен сақтауға мүмкіндік беретін контейнерлер қолданылады. Одан кейін жер астына жасырады терең қазып. Ядролық қалдықты қайта кәдеге жарату жолында ізденіс бар, алайда, әлі күнге оны қайта өңдеп пайдалану жолы табылған емес. 50 жылдан соң жерге көмеді. Жерге көмілген ядролық қалдық қабірстан аталады. Ондай аумаққа күзет қойылады немесе қоршалады. Неғұрлым терең көмілсе, соғұрлым қауіпсіз саналады. Атом энергетикасын белсенді пайдаланатын Қытай бұдан былай ядролық қалдықты жер бетінен есептегенде 560 метр тереңдікте көмуді көздеп отыр. Бұл мақсатта әлемге әйгілі Гоби шөлінде арнайы зертхана ашпақ – бұл әлемдегі ядроактивті қалдықты мейлінше тереңде сақтайтын орын болмақ. Қытай билігі экономиканың энергияға деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, дәлірегі, атмосфераны ластайтын көміртек үлесін азайту мақсатында бірқатар жаңа атом стансаларын салуды жоспарлап отыр. Бұл жайт өз кезегінде елдегі атом энергиясының үлесін 40%-ға арттыруға мүмкіндік бермек. Бүгінде ядроактивті қалдықтың жер астындағы мөлшері 1%-дан аспайды, қалған 99%-ы — ядроактивті заттармен жұмыс істеген персоналдардың киімі, т.б. секілді қалдықтар құрайды. Егер Гоби шөліндегі зертхананың қауіпсіздігі расталса, 2050 жылға қарай ядролық қалдықты терең көмілген ауданда атом электр стансалары салынады.