Әлемде валюталық дағдарыс болуы мүмкін
Әлемде валюталық дағдарыс болуы мүмкін
4 ай бұрын 931 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяу болашақта әлем экономикасы ауқымы жағынан бұрынғы дағдарыстарды он орап алатын валюталық тығырыққа тірелуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Foreign Policy ақпарат  агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде төніп келе жатқан бұл дағдарыс ауқымы жағынан ауыр болғанымен бұрынғы дағдарыстардан көп айырмашылығы болмайды. Яғни, дағдарыстың сипаты мен санаты бұрынғыларынан көп айрықшаланбайды. Тек ауқымы үлкен. Бұл дағдарысқа “Үлкен жетілік” деп аталатын экономикасы дамыған елдердің (Канада, Франция, Италия, Жапония, Испания, Ұлыбритания және Америка құрама штаттары) мемлекеттік қарызының шектен тыс көбейіп кеткені себеп болмақ. Қазірдің өзінде үлкен жетіліктің қарыз мөлшері жалпы ішкі өнімнің 100 пайызынан асып түскен. Қаржылық міндеттемелерінің мөлшерін төл ақшаларын құнсыздандыру арқылы бақылай алуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі уақытта доллар, йен, еуро, фунт стерлингов девальвация алдында тұр. Алайда, мұндай қадам қор биржаларында дүрбелең тудырып, трейдерлерге осы валюталарға бекітілген барлық құнды қағаздарды сатуға итермелейді. Нәтижесінде жаппай банкрот орын алып, домино эффектісі тізбекті реакция тудырады. Салдары – валюта дағдарысы.

0 пікір
Мұрағат