|
Әлемде тұрғындары ең көп елді-мекен аталды
|
Индонезия астанасы – Жакарта мегаполисі жер бетіндегі халқы ең көп елді-мекен аталды – тұрғындар қарасы 42 млн адамға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық урбанизацияның экономикалық және әлеуметтік мәселелерімен айналысатын департамент баяндамасындағы дерекке жөн сілтеген Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал екінші орыннан Бангалдеш астанасы көрінген – 40 млн. Бұл тіізімде үшінші орынға күншығыс елінің орталығы – Токио қаласы жайғасқан (33 млн). Оңтүстік-шығыс Азиядағы санаулы мұсылман елдерінің бірі – Индонезия халқының саны 286 млн адамды құрайды. Халқының саны жағынан әлемде 4-ші орында тұр (Үндістан, Қытай және Америка құрама штаттарынан кейін). 2019 жылы Индонезия билігі Жакарта қаласының инфрақұрылымы мен ресурсының адам көптігінен сыр бере бастауына байланысты қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқан Нусантара қаласына ел астанасын ауыстыруға шешім қабылдаған болатын. Бұл тараптағы жобаны 2028 жылы аяқтауды көздеп отыр. Осы орайда бүгіннгі таңда күллі әлем бойынша урбанизация процесінің қарқын алғанын айта кетпекпіз: қазіргі уақытта қалалық жерлерде адамзаттың жартысына жуығы - 45%-ы шоғырланған. Салыстыру үшін салсақ, 1950+ші жылдары қала тұрғындарының қарасы адамзат санына шаққанда тек 20%-ды құраған еді. Ал ширек ғасырдан соң, яғни, 2050ші жылға таман адамзаттың үштен екісі қала тұрғыны атанады. Әсіресе, халқының саны 10 млн адамнан асатын елді-мекендерге шоғырлану процесі қарқын алып келеді: 1977 жылы он млн тұрғыны бар қалалар саны 8 болса, бүгінде бұл көрсеткіш 33-ке жеткен. Бұл 33 ірі мегаполистің 19-ы Азия құрлығында орын тепкен.