Әлемде тұңғыш рет толқын энергиясымен қуаттайтын бекет ашылды
Әлемде тұңғыш рет толқын энергиясымен қуаттайтын бекет ашылды
4 жыл бұрын 2104 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Шотландияның Йелл аралында әлем бойынша тұңғыш рет теңіз толқындарынан өндірілген энергиямен автокөлік қуаттайтын бекет ашылды. Бұл жайында islam.kz порталы cnbc.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш автобекеттің жанына аккумулятор сақтайтын пункт орналасқан. Бұл экологиялық зиянсыз жобаны мемлкеттік Transport Scotland агенттігі қаржыландырған. Зарядтау құрылғысы электрді Йелл мен Анст аралдары арасында орнатылған Nova Innovation Shetland Tidal Array төрт құлақты (трубинді) қондырғыдан алады. Су астында орнатылған трубиндер аталған аралдағы үйлер мен кәсіпорындарды бес жыл қатарынан электр энергиясымен қамтамасыз етіп келеді. Шотландияның жабайы табиғатты қорғау жөніндегі саясат бөлімінің жетекшісі Фабрис Левек толқын технологиясы атмосфераға бөлінетін ластаушы заттарды кемітуге мүмкіндік беріп отырғанын мақтанышпен жеткізді.

Появилась первая в мире зарядная станция, которая получает энергию от  приливов — Русский Еврей

0 пікір
Мұрағат