Әлемде тұңғыш рет полицияға адамды тану жүйесін пайдалануға тыйым салды
Әлемде тұңғыш рет полицияға адамды тану жүйесін пайдалануға тыйым салды
6 жыл бұрын 3504 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Калифорниядағы Сан-Франциско қаласының қадағалаушы кеңесі жергілікті полицияға адамды тану тенологиясын пайдалануға тыйым салды. Бұл жайында The New York Times ақпарат көзі хабар таратты. Биометрикалық жүйе федералды маңызы бар нысандарда - әуежайларда және айлақтарда ғана қолданылады. Бұл шешімді аталмыш кеңес мүшелерінің көбісі қолдады. Бұл технологиядан Оклендте де, Соомервилде бас тартуы мүмкін. Америкалық қоғам белсенділері аталмыш технологияны биліктің өздерінің пайдасына шектен асыра пайдалануы мүмкін деп күдіктеніп отыр. Өзге біреудің құпиясына қол сұғу арқылы. Қазіргі уақытта мұндай жүйе мемлекеттік маңызы зор ірі нысандарда ғана емес, сонымен қатар, стадион, мемлекеттік мекемелер, т.б. нысандарда да орнатылған. Ресей Федерациясы аумағында да мұндай технология қарқынды қолданылуда. Бір ғана Мәскеу қаласының өзінде мұндай бір жарым мың камера орнатылған. Метрода, аулаларда, үйдің кіреберісінде,  саябақтарда, мектептерде, емханаларда, қоғамдық орындарда, т.б. Әсіресе, компанияның кірісі мен шығысын есептеу үшін Watcom Group компаниясы аталған технологияны дүкендер мен сауда орталықтарында да кеңінен пайдаланбақ. Тұтынушылар мен сатушылардың көңіл күйін, жасы мен жынысын, мінез-құлқын, т.б. бақылап, барлап, байқап, талдау жасамақшы. Адамды тану жүйесі Қытайда 2015 жылдан бері пайдаланылып келеді. Ел аумағындағы тұрғындар мен туристердің іс-әрекетін бақылау үшін бір миллионнан аса камера қойылған. 

0 пікір
Мұрағат