Әлемде тұңғыш рет атеистер... кафедрасы ашылатын болды
|
Майами университетінде әлемде тұңғыш рет атеистерге арналған кафедра ашылады. «Российской газеты» мерзімді басылымының хабарына қарағанда, аталмыш кафедраның ашылуына 83 жастағы миллионер Луи Аппиджиани ықпал еткен және қаржысын өзі көтеріп алған. Ол талай жыл бойы атеизмді мемлекеттік деңгейде мойындалуына күш салып келе жатыр. Қарт миллионердің айтуынша, мұндай кафедраның ашылуы осы бағытта жасалған алғашқы маңызды қадам болып табылады. Ол атеистердің қоғам тарапынан немесе діндарлар тарапынан қуғын-сүргін, қысым көріп, кемсітушілікке ұшырамауы керектігін жеткізді. Айта кетейік, 2007 жылғы әлеуметтік зерттеу нәтижесіне қарағанда, АҚШ тұрғындарының 16 пайызы ғана өздерін атеист санаған. Аз уақыттың ішінде, нақтырақ айтқанда, 2014 жылы олардың қарасы 24%-ға артқан.