Әлемде тұңғыш рет адамның жасанды зердемен некелесуіне тыйым салатын заң пайда болуы мүмкін
Әлемде тұңғыш рет адамның жасанды зердемен некелесуіне тыйым салатын заң пайда болуы мүмкін
2 ай бұрын 692 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұған адамдардың виртуалды қатынасқа деген қызығушылығының артқаны туралы жаңалықтар себеп болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы NBC4 ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Огайо штатының (Америка құрама штаттары) заң шығарушы органының жиналысында бір қарағанда ақылға сыймайтын, көңілге қонбайтындай көрінетін тақырыпта қызу пікірталас жүрді. Жергілікті конгресшілердің бірі адамм мен жасанды зерде бағдарламасы арасындағы некеге тыйым салуды көздейтін заң жобасын ұсынған. Технологиялар және инновациялар жөніндегі комитетті басқаратын Таддеус Клэггетт енгізген өкілдер палатасының № 469 заң жобасында мұндай одақтарды заңды деп тануға тікелей тыйым салу қарастырылған. Аталмыш құжатта ешқандай жасанды зерде жүйесі адамның жұбайы немесе қосағы болып саналмайды, сондай-ақ, некеге ұқсас немесе ерлі-зайыптыларға тән заңды құқықтарға ие бола алмайды делінген. Интернет иірімінде соңғы кездері виртуалды серігіне «ғашық» болып, «отау құрған» видеолар көбейіп барады. Әлбетте, мұндай одақтың заңды құқығы жоқ. Дегенмен, бұл үрдіс шапшаң қарқын алып бара жатқандықтан сарапшылар алаңдай бастады. Оның арты жақсылыққа апара қоймайтынын ескеріп, түрлі салдарының алдын алуға кірісіп жатыр. Таддеус Клэггетт бұл тарапта адамның сеезімін шектемейтінін, бар болғаны заңдық салдарының алдын алуға қам жасайтынын мәлімдеді. Мәселен, кейін жасанды зерде адамның орнына қандай да бір қаржылық немесе өзге де құжаттарға қол қоймауы тиіс. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, ерекше заң жобасын аталған штаттың өкілдер палатасы мақұлдап қалуы мүмкін. Құжат қыркүйек айында қарауға енгізілген.

0 пікір
Мұрағат