|
Әлемде теңдесі жоқ жүзетін электр стансасы салынбақ
|
Жапондық Kyocera компаниясы жаңа күн электр стансасын салумен айналысуда. Құрылыс бойынша шешім қабылдауға негізгі себептердің бірі Жапониядағы халықтың тығыздығы, аумақ таңдауда қиындықтар кездесетіндіктен, барынша ыңғайлы жол - күн электр стансасын салу.
Жүзетін электр жүйесінің табиғи суыту түрінде артықшылығы бар. Соның арқасында күн батареясы жұмысының тиімділігі сақталады.
Станса салу жұмыстары 2018 жылғы наурызда басталуы мүмкін. Корпорация өкілдері әлемде жүзетін күн электр стансалары арасында қуаты жағынан бұған тең келетін станса болмайтынын айтады. Қуаты 13,7 МВт. Электр стансасы жылына 16170 мегаватт-сағат береді деп болжануда. Бұл қуатпен 5 мың үйді электр стансасымен қамтамасыз етуге болады, деп жазады planet-today.ru.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді