Әлемде сирек кездесетін металдарды ең көп экспортайтын ел
Әлемде сирек кездесетін металдарды ең көп экспортайтын ел
6 жыл бұрын 5518 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай, міне, бірнеше жылдың жүзі болды, сирек кездесетін металдарды өндіру мен тұтынуда көш бастап келе жатқан ел. Дәлірегі, бұл бағытта аталған ел бірінші орында тұр. Соған қарамастан күллі әлемді таңқалдырып, өткен жылы сирек кездесетін металдар импортын күрт арттырды. Бұл жайында Reutеrs ақпарат ресурсы хабар таратты. China Merchants Securities сарапшысы Лю Вэньпин мәлім еткендей, 2018 жылы сирек кездесетін металдар импорты 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 10 есе өскен. Айта кету керек, Қытай сирек кездесетін металдар экспортын жылына 4%-ға арттырып отырған ел. 2018 жылы бұл көрсеткіш 53 мың тоннадан асқан болатын. Әдетте сирек кездесетін металдарға 17 элемент жатқызылып жүр. Олар мангит пен микросхемалар өндірісінде пайдаланылады, яғни, осы заманғы техника мен технологияға қажетті шикізат. Сирек кездесетін металдар тұрмыстық құралдардың барлығында қолданылады. Бүгінгі таңда Қытай сирек кездесетін металдарға деген әлемдік сұраныстың 80%-ын бір өзі қанағаттандырып отырған ел. Осы заманғы технология өндірісінде алға шыққан АҚШ-тың өзі Қытайға сауда соғысын жариялап, қытайлық тауарлардың барлығына баж салығын "өкіртіп" салғанда Қытайдан алдыратын сирек кездесетін металдарға баж салығын салмаған болатын. 

0 пікір
Мұрағат