Есеп дамытуға бағытталған БҰҰ бағдарламалары аясында жүргізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі БҰҰ Ақпарат орталығына сілтеме жасап.
Әлемде пара мөлшерінің қаншаға жеткені белгілі болды
|

Біріккен Ұлттар Ұйымы мәліметіне сүйенсек, әлемдегі параның жыл сайынғы мөлшері бір трлн долларға жеткен. Мұны Ұлттық банктің 2017 жыл 10 желтоқсандағы курсына сәйкес есептесек – 334 трлн теңге болады.
Мұнымен қатар, БҰҰ жемқорлық салдарынан әлем экономикасы 2,6 трлн долларынан айырылып отырғанын мәлімдеді. БҰҰ дамыту бағдарламалары мәліметінше, мұндай олқылықтар негізінен дамушы мемлекеттерде орын алып отыр.
Transparency International ұйымының хабарлауынша, Қазақстан, Ресей және Украина жемқорлық индексі бойынша әлемде 131-орында тұр. Жемқорлықпен күрес Ұлттық бюро есептеуінше, үш жыл ішінде пара берушілер мен алушылар Қазақстанға 60 млрд теңге көлемінде зиян келтіріп отыр. Бұл Ұлттық банктің 2017 жыл 10 желтоқсандағы курсы бойынша – 180 млн доллар.




