Әлемде өлім жазасының саны күрт өсті
Әлемде өлім жазасының саны күрт өсті
9 жыл бұрын 2879 inform.kz

Әлемде өлім жазасының саны күрт өсіп, 1989 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткішке жеткен. Бұл жайында халықаралық “Amnesty International» құқық қорғау ұйымы хабарлап, дабыл қақты.

Құқық қорғаушылардың баспасөз хабарламасында жазылғандай, 2015 жылы әлем бойынша 1634 адам өлім жазасына кесілді. Бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 50% артық.

Өлім жазаларының  89%-ы Иран, Пәкістан және Сауд Арабиясына тиесілі.

Статистикада Қытай үкіметі жазалаған адамдардың саны ескерілмеді. Өйткені, қытайлық билік бұл ақпаратты жарияламайды.  

Онда мыңдаған адам өлім жазасына кесілуі мүмкін екенін де жоққа шығармады аталмыш ұйым өкілдері. Олардың ойынша, Қытай бұл ретте лидер болуы да ықтимал.

Сонымен қатар, 2015 жылы көптеген елдер өлім жазасынан бас тартқан алғашқы жыл болды.

0 пікір
Мұрағат