Әлемде өлім жазасы азайып келе ме әлде...
Әлемде өлім жазасы азайып келе ме әлде...
8 жыл бұрын 4049 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

"Amnesty International" деп аталатын халықаралық құқық қорғау ұйымы "Өлім жазасына кесу үкімдері мен жазалау" атты баяндамасын жариялады. Аталмыш құжатта 2016 жылғы өлім жазасынан әлемдік статистикалық мәлімет келтірілген. Нақтырақ айтқанда, өткен жылы әлем бойынша өлім жазасы 37%-ға кеміген. Бұл елеулі көрсеткіш. Сондай-ақ, Amnesty International есебінше, өткен жылы әлемнің 23 елінде 1032 адам өлім жазасына кесілген. Түрлі қылмыстары үшін. Ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 1634 адамды құраған. Яғни,, ширек ғасырда, дәлірегі, соңғы 25 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткішке жеткен. Барлығы әлемнің 55 елінде 3117 өлім жазасына кесу үкімі шығарылған екен. Ең көбі Иранда (567) тіркелген. Содан кейінгі орында Сауд Арабиясы тұр - 154. Ал үшінші орынға Ирак (88) табан тіреген. Төртінші орынға Пәкістан (87) жайғасқан. Азия құрлығында орналасқан осы төрт елдің жиынтық көрсеткіші әлемдегі өлім жазасына кесудің 87%-ын құраған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, керісінше, өлім жазасу кесу үкімінің көбейген. Мәселен, 1998 жылы бұл көрсеткіш 205 болса, 2016 жылы 3117-ге жеткен. Аталған ұйым есебінде айтылғандай, бүгінгі таңда әлемнің 141 елі өлім жазасынан бас тартқан. Өлім жазасы қолданылатын мемлекеттерде өлім жазасы иньекция салу, ату, басын алу, дарға асу арқылы орындалып келеді. 

0 пікір
Мұрағат