Әлемде криптовалютаны төлем құралы ретінде ең алғаш пайдаланған ел ХВҚ талабына сай заңнамасын өзгертті
Әлемде криптовалютаны төлем құралы ретінде ең алғаш пайдаланған ел ХВҚ талабына сай заңнамасын өзгертті
1 ай бұрын 818 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Латвн Америкасында орны тепкен Салвадор мемлекеті әлемде алғашқы болып 2021 жылдан бастап криптовалютаны заңды төлем құралы ретінде пайдаланған ел. Аталған елдің парламенті биткоин туралы заңнамасына щұғыл түрде Халықаралық валюта қорымен арадағы келісім шарттарына сай түзету енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде ааталмыш заңнамаға мемлекет басшысы Найбом Букеленің тікелей пәрменімен енгізілген түзетуге сәйкес бұдан былай жекеменшік компанияларға криптовалютаны қабылдау немесе криптовалютамен операция (мәміле) жүргізу міндеттелмейді. Соған қарамастан билік басындаңы партия өкілдері бұл түзету өз кезегінде криптовалютаның төлем құралы ретіндегі мәртебесін сақтап қалатынын әрі экономикада қолайлы жолмен пайдалануға мүмкіндік беретінін алға тартып отыр. Бұл түзету ең алдымен ХВҚ тарапынан криптовалютамен байланысты қаржылық тәуекелді азайтуға байланысты талабынан туындап еді. Есесіне ХВҚ аталған елге 1,4 млрд доллар несие береді. Салвадор криптовалюта қорын жылдан жылға арттырып келеді. Соңғы бірнеше айда қосымша 12 биткоин сатып алды. Ал Bitcoin Office дерек көзінің жазуынша, аталған ел 6049 биткоинге иелік етеді, бұл көрсеткішті нақты ақшаға шаққанда шамамен 633 млн долларға тең. Бұдан бөлек, криптовалютаға құйған инвестициясынан табатын табысы 127%-ға жеткен. Бұрын Салвадор мен Аргентина криптосаланы бірлесіп дамыту туралы келісімге келгенін айта кету керек. Соның ішінде екі тарап та цифрлы актив пен блокчейн саласындағы тәжірибелерді алмасады. Ең алдымен критовалютаға қатысты нормативті-құқықтық бағытта. Бүгінде Салводар халқының 7,5%-ы ғана криптовалютаны өзара есеп айырысуда пайдаланады.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
24 25 26 27 28 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6