Әлемде хабар-ошарсыз кеткендер саны белгілі болды
Әлемде хабар-ошарсыз кеткендер саны белгілі болды
6 жыл бұрын 2517 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

"Қызыл айшық" халықаралық комитет әлем бойынша 100 мыңнан аса адамның түрлі себептермен хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады. Аталмыш ұйым бұл құбылысты "ғаламдық дағдарыс" деп атап, дабыл қағып отыр. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, аталған ұйымның өкілі Агнес Котю (Agnes Coutou) Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының адам құқығы жөніндегі комитет мәжілісінде осындай дерек келтірді. "Бұл тек айсбергтің көзге көрінетін су бетіндегі бөлігі ғана",- деп хабар-ошарсыз кеткендер қарасының бұдан да көп екенін меңзеді. Адамдардың жоғалуына адам саудасы, қарулы қақтығыс, соның ішінде, соғыстың, климаттың өзгеруінен орын алатын құрғақшылық пен тасқын-селден болатын миграция себеп болып отыр. Ал елімізде хабар-ошарсыз кеткендерге қатысты мәлімет аз. Белгілісі, жыл сайын орташа есеппен 1000-1500 адам хабар-ошарсыз кетеді. Олардың шамамен 20 пайызын балалар құрайды.  

0 пікір
Мұрағат