Әлемде эвтаназияны алғаш заңдастырған елде қандай аурулар бойынша «ажал процедурасы» көптеп қолданылғаны белгілі болды
Әлемде эвтаназияны алғаш заңдастырған елде қандай аурулар бойынша «ажал процедурасы» көптеп қолданылғаны белгілі болды
1 жыл бұрын 1082 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Нидерланды эвтаназия процедурасын елдің алды болып заңдастырған ел. 2001 жылы. Сол кезден бері осы уақытқа дейін эвтаназия процедурасы қолданылғандар арасында аутизмнен және өзге де ақыл-есінің ауытқудан зардап шегетіндер қарасы көп болып шыққан. Бұл жайында islam.kz порталы Zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жайт өз кезегінде қоғамның күдігін тудырып отыр. Кингстон университеті бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізіп, 2012-2021 жылдар аралығында ақыл-есі ауытқыған 40-қа тарта адамға заңды жолмен эвтаназия процедурасы қолданылғанын анықтады. Десе де эвтаназияны таңдаған 30 жасқа толмаған бес адам өз-өзіне қол жұмсау туралы шешім қабылдауының бірден-бір немесе басты себептерінің бірі ретінде аутизмді атаған. Сарапшылар дәрігерлерден өлімге әкелетін инъекция арқылы эвтаназия жасауға рұқсат беретін заң аясынан шығып кетті, деп, күдіктеніп отыр. Пациенттердің ақыл-есінің кемдігін пайдаланып. Өйткені, Нидерландыда эвтаназияға қатысты заң қабылданарда бұл процедураны аутизмнен зардап шегетіндерге емес, қатерлі ісікке шалдыққандарға қолдану турасында пікірталас өрбіген болатын. Эвтаназия процедурасы заң талаптары бойынша айықпас ауруға шалдыққан, жантөзгісіз азап көрген науқастарға ғана қолданылады. Алайда, түпкілікті шешімді дәрігерлер қабылдайды. Нидерландыда осы уақытқа дейін өзіне эвтаназия процедурасын қолдануға, яғни, өмірден өз еркімен кетуге өтініш бергендер қарасы 60 мыңдай адамға жеткен. Кингстон университетінің ғалымдары олардың арасынан 900 өтінішті зерттеп, мұндай өтініш бергендердің 39-да аутизм немесе ақыл-ой кемістігі бар екенін анықтады. 39 адамның 18-і 50 жасқа толмағандар. Науқастардың көпшілігі жан күйзелісінен, тән дертінен және жасына байланысты бірқатар аурулардан, сондай-ақ, жантөзгісіз жалғыздықтан қажыған. Әлеуметтен қол үзіп, қоғамнан оқшауланып, дүниеден баз кешкендер де бар. Ең қорқыныштысы, олардың көбісі эвтаназия процедурасын өмірдегі азаптан құтылудың жалғыз жолы деп ойлайды. Әсіресе, ақыл есі кем және аутизмнен азап шегетіндерге дәрігерлер моралдық қолдау көрсетпей, оларға процедураны қолдану арқылы проблемадан құтылуды жөн көретіндігі де сарапшыларды алаңдатып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Еуропаның тағы бір елінде эвтаназия процедурасына ресми рұқсат берілді» (https://www.islam.kz/kk/news/alem/europanyn-tagy-bir-elinde-evtanaziya-protsedurasyna-resmi-ruqsat-berildi-18599/#gsc.tab=0);

«Еуропалық елде балаларға да эвтаназия процедурасы мақұлданып кетті» (https://islam.kz/kk/news/alem/europalyq-elde-balalarga-da-evtanaziya-protsedurasy-maquldanyp-ketti-18448/#gsc.tab=0);

«Тағы бір ел эвтаназияны заңдастырады» (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-el-evtanaziyany-zandastyrady-15928/#gsc.tab=0);

«Тағы бір ел эвтаназияны заңдастырды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-el-evtanaziyany-zandastyrdy-14752/#gsc.tab=0);

«Эвтаназия заңдастырылған елдер қатарына тағы бір мемлекет қосылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/evtanaziya-zandastyrylgan-elder-qataryna-tagy-bir-memleket-qosyldy-14546/#gsc.tab=0);

«Эвтаназияға қатысты референдум өтті» (https://islam.kz/kk/news/alem/evtanaziyaga-qatysty-referendum-otti-14345/#gsc.tab=0);

«Қасіретті өлім тағы бір елде заңдастырылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/qasiretti-olim-tagy-bir-elde-zandastyryldy-12679/#gsc.tab=0);

«Батыстан қараңғылығын ерткен бұл құбылыс та ақырын басып, Азияға келді» (http://islam.kz/kk/news/alem/batystan-qarangylygyn-ertken-bul-qubylys-ta-aqyryn-basyp-aziyaga-keldi-9846/#gsc.tab=0); 

«Ақырғы сапарға аттандыратын ажал туризмі: жат құбылыс етек алып келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/aqyrgy-saparga-attandyratyn-ajal-turizmi-jat-qubylys-etek-alyp-keledi-11546/#gsc.tab=0);

«АҚШ-тың тағы бір штатында эвтаназия заңдастырылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/aqsh-tyn-tagy-bir-shtatynda-evtanaziya-zandastyryldy-11995/#gsc.tab=0);

«Мұсылмандар эвтаназияға қарсы» (https://www.islam.kz/kk/news/alem/musylmandar-evtanaziyaga-qarsy-2435/#gsc.tab=0);

«Ауыр күнәға апаратын процедураға рұқсат берілді» (https://islam.kz/kk/news/alem/auyr-kunaga-aparatyn-protseduraga-ruqsat-berildi-1553/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат