Әлемде босқындар саны күрт көбеюде
Әлемде босқындар саны күрт көбеюде
8 жыл бұрын 3049 Ақерке Маратқызы

Әлемде босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі 24 хабар арнасының мәліметіне сүйеніп хабарлайды. Былтыр 65 миллион 600 мың адам өз елі ішінде көшуге мәжбүр болған және өзге мемлекеттерден баспана сұраған. Бұл – бұрын-соңды болмаған рекордты көрсеткіш. 2015 жылмен салыстырғанда 300 мыңға артық. Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері бойынша агенттігі осындай мәліметті жариялады. Ең көп босқын 5,5 миллиондай адам Сириядан шыққан. Осы елден кейінгі орында Ауғанстан мен Оңтүстік Судан тұр. Босқынның 55%-ы осы үш мемлекеттің тұрғыны. Бұл ретте мигранттың 84%-ын кедей және тұрмысы орташа елдер қабылдағанын айтып кету керек. Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері бұл мәліметтер халықаралық дипломатияның күйрегенін көрсетіп отыр дейді.  

0 пікір
Мұрағат