Әлемде әрбір оныншы адам аштықтың азабын тартып, әрбір сегізінші адам семіздіктен зардап шегеді
Әлемде әрбір оныншы адам аштықтың азабын тартып, әрбір сегізінші адам семіздіктен зардап шегеді
6 жыл бұрын 2808 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемде 150 млн-нан аса бала аштықтың азабын тартуда, сонымен қатар, әрбір сегізінші адам семіздіктен зардап шегеді. Яғни, ашқұрсақ балалармен қатар артық салмақтан азап тартатындар қарасы да артып келеді. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының түрік филиалымен байланыс бөлімінің директоры Мартин Пеннер мәлім етті. Оның айтуынша, әлем бойынша өткен жылы аштық азабын тартатындар қарасы 821 млн адамға жеткен. Сондай-ақ, ол соңғы үш жыл ішінде ашқұрсақ адамдардың саны тұрақты өсуге бет алғанын жасырмады. Бұған соңғы кезде әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көтерілетін климаттың өзгеруі өз әсерін тигізіп отыр. Яғни, ауыл шаруашылығына құрғақшылық пен мөлшерден тыс жауын-шашын көп зиянын тигізіп отыр. Бұдан бөлек, әлемнің әр түкпіріндегі қарулы қақтығыс пен экономикалық ахуалдан, мәселен, Азияда 515 млн адам, Африка құрлығында 672 млн адам, ал Латын Америкасында және Кариб бассейні елдерінде 150,8 млн адамның аштық азабын тартып отырғанын жеткізді. Ол осылай дей келе әлем бойынша 672 адамның семіздіктен, яғни, артық салмақтан көресіні көріп отырғанын да жайып салды. 5 жастан кіші жетілмей қалған балалар саны 150,8 млн-ды құрағанын, сонымен қатар, шектен тыс тойып тамақтанудан 50,5 млн баланың зардап шегіп отырғанын да тілге тиек етті. Сондай-ақ, 38,3 млн бала (жасы 5-тен төмен) артық салмақтан азап тартуда. 

0 пікір
Мұрағат