Әлемде әрбір 10-шы бала адам адам төзуі қиын жұмысқа жегілген
|
Бүгінде әлем бойынша әрбір оныншы бала жұмыс істеуге мәжбүр. Олардың саны – 160 млн. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының баспасөз қызметіне жөн сілтеген islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Балалар еңбегі көбінесе ауыл шаруашылығында пайдаланылады, бұл салада 112 бала ересектермен қатар жұмыс істеуде, яғни, жұмысқа жегілген әлемдегі балалардың 70 пайызын қамтиды. Олардың дені фермалар мен плантацияларда улы будың арасында, қауіпті техникамен жұмыс істеп жүр. БҰҰ 2025 жылға дейін балалар еңбегін жоюды алдына мақсаты мен міндеті етіп қойып отыр. Ол үшін табысы төмен елдердегі әлеуметтік жағдайы сын көтермейтін тұрғындарды кедейлік қамытынан құтқару үшін ауылдық жерлерге инвестиция тартылуы тиіс. Бұдан бөлек, мемлекеттің деңгейде балалар еңбегін пайдалану немесе қанау секілді жат әдеттерге тойтарыс берілуі тиіс.