Әлемде алғаш рет зымыран ататын робот ит Түркияда пайда болды (видео)
Әлемде алғаш рет зымыран ататын робот ит Түркияда пайда болды (видео)
4 ай бұрын 1002 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түріктердің қорғаныс флагманы ROKETSAN компаниясы әлем жұртшылығын елең еткізген ерекше жобасын ұсынды – Стамбұлда өткен 17-ші халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесінде (IDEF 2025) төрт аяқты, әлемдегі алғашқы зымыран ататын робот түріндегі KOZ платформасымен таңдай қақтырды. Бұл жайында islam.kz порталы yenisafak.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. KOZ платформасы ROKETSAN компаниясының өзі әзірлеген төрт METE лазерлік басқарылатын оқ-дәрімен жабдықталған. Бұрын бұл оқ-дәрiлер дрондарда, теңiз платформаларында және жерүстi дрондарында пайдаланылған. 1000 метрден 1250 метрге дейінгі атыс қашықтығының және METE жоғары дәлдігінің арқасында KOZ тактикалық деңгейде бірегей соққы беру мүмкіндіктеріне ие болады. Робот өзі дербес әрекет ете алады немесе қашықтан басқаруға болады. Ойлы-шұңқырлы жерлерден өте алады әрі әскери операцияны 2,5 сағат жүргізе алады. Ол арнайы жорыққа шыға алады, барлау жасай алады, шабуылға да шыға алады. Ұтқыр, жедел қимылдайды ұрыс алаңында.

KOZ жүйесінің негізгі ерекшеліктері:

  • Төрт METE лазерлік бағыттауышы бар зымырандармен жабдықталған;
  • Автономды және қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігіне ие;
  • Ойлы-қырлы жерлерде орнықты тұрады;
  • 2,5 сағатқа дейін дербес жұмыс істей алады;
  • Шабуылдау, барлау және арнайы операциялық мүмкіндіктері бар.

Инновациялық құрылымымен, инженерлік тосындығымен KOZ құрлықтағы ұрысты жаңа деңгейге көтереді. Түркия осы платформасымен дербес жүйелер саласында әлемдік көшбасшылар арасында өз позициясын нығайтуда.

 

0 пікір
Мұрағат