Әлемде алғаш рет: Үнді әуе компаниясы әйелдерге ерлерден бөлек ұшуға мүмкіндік береді
Әлемде алғаш рет: Үнді әуе компаниясы әйелдерге ерлерден бөлек ұшуға мүмкіндік береді
1 ай бұрын 557 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әйел жолаушыларға ер жолаушылардан бөлек орынды таңдауға мүмкіндік беретін әлемдегі алғашқы әуе компаниясы пайда болды. Ол - IndiGo (Үндістан) әуе компаниясы. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Independent ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Әйел жолаушыларға ерлерден бөлек сапар шегуі үшін пойыз вагондары да алғаш рет осы Үндістанда пайда болған еді. Бұл шара әйелдер қауіпсіздігі үшін қолға алынуда, яғни, ерлер тарапынан болуы ықтимал зорлық-зомдылықтың алдын алуға бағытталған. Осы жылдың тамыз айынан бастап тасымалдаушылардың жаңа ережесі күшіне енеді. Енді онлайн тіркелу кезінде саяхатшылар қасында отырған жолаушылардың қай жынысқа жататынын біле алады - қаласа, басқа әйелдердің қасындағы орынды таңдай алады - олар қызғылт түспен белгіленеді. Алайда, мұндай ақпарат ерлерге көрсетілмейді: олар үшін әдеттегідей тек бос орындар көрсетіледі. Үндістанның ең ірі әрі арзан әуе компаниясы күн сайын екі мыңдай ішкі және халықаралық рейстерді орындайды. Үнді әуе компаниясы мұндай ережені арнайы жүргізілген сауалнама нәтижесінде енгізді - онда жолаушылардан саяхатын қалай жайлы етуге болтыны жөнінде сауал қойылған еді.

0 пікір
Мұрағат