Әлемде алғаш рет жалақы криптовалюта түрінде берілді. Бұл жаңашылдық араб жерінде орын алды
Әлемде алғаш рет жалақы криптовалюта түрінде берілді. Бұл жаңашылдық араб жерінде орын алды
3 ай бұрын 561 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дубайдың бірінші инстанциялық соты жұмыс беруші компанияны жұмыстан босатылған қызметкерге еңбек шартында көрсетілген цифрлық валютада жалақы бойынша берешекті төлеуге міндеттеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Khaleej Times ақпарат көзіне жөн сілтеген BUSINESS EMIRATES агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл шешім өз кезегінде Дубай нарығы үшін маңызды қадам болды, өйткені, қаржылық транзакцияларға деген көзқарас айтарлықтай өзгерген. Еңбек шартында қызметкердің жалақысы Біріккен Араб Әмірлігінің  төл ақшасымен, яғни, дирхаммен де, EcoWatt токендерімен де (криптовалюта) төленетіні айтылған. Жұмыс беруші тарапынан алты ай бойы 5250 EcoWatt токені төленбеген соң қызметкер компанияны сотқа берді, сонымен қатар, ол өзін жұмыстан заңсыз қуды деп шағымданған. Бірінші сатыдағы сот қуынушы талапкердің жағына шығып, оның жалақысын алу құқығын қорғады. Осы орайда төлем әдістері өзгеруі мүмкін екенін айта кетпекпіз, дегенмен, дирхам БАӘ-дегі жалғыз заңды төлем құралы болып қалады және жалақы төлемдері тек дирхамдармен жұмыс істейтін WPS жүйесінде жазылуы керек. Бұдан бөлек, аталған араб елі аумағындағы бірқатар компания криптовалютадағы төлемдерді қабылдайтынын жариялады, десе де оның бағамының құбылмалығынан зардап шекпеуі үшін оны бірден әдеттегі валюталарға айырбастайды. Сарапшылар уақыт өте келе криптовалюта жылжымайтын мүлік, бөлшек сауда, тіпті, мемлекеттік қызметтер сияқты бизнесте үйреншікті төлем құралына айналатынын алға тартып отыр,  яғни, криптовалюта стандартты төлем құралына айналады, осылайша БАӘ-нің қаржылық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы ретіндегі позициясын нығайтады.

0 пікір
Мұрағат