Әлемде алғаш рет беспилотты кеме суға жіберілді (видео)
Әлемде алғаш рет беспилотты кеме суға жіберілді (видео)
3 жыл бұрын 1529 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өткен аптада Қытайда түрлі беспилотник көліктерді тасымалдауға және ұшыруға, содан кейін олардың әрекеттерін басқаруға қабілетті, әлемдегі алғашқы 88 метрлік жартылай автономды Zhu Hai Yun ұшқышсыз кеме пайдалануға берілді. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кемені бір жылға жуық уақыт бұрын Хуанпу Беншон компаниясы құрастырған. South China Morning Post басылымының хабарлауынша, бұл тек қана ұшқышсыз ұшу аппараттарын ғана емес, сонымен қатар, су астындағы және құрлықтағы автономды ұшқышсыз ұшқыштарды пайдалана отырып операцияларды орындауға арналған әлемдегі алғашқы автономды платформа. Толығымен автономды жапондық «Сузаку» контейнерлік кемесінен айырмашылығы сонда -  қытайлық ұшқышсыз кеме ашық теңізге шығар алдында қашықтан басқарылады, содан кейін ол автономды режимге ауыстырылады. Кемені құрастырған компаниясының мәліметінше, автономды кемеде түрлі ұшқышсыз ұшақтарды орналастыруға және нақты тапсырмаларды орындау кезінде олардың арасындағы өзара әрекеттерді үцлеесстіруге қажеттінің бәрі бар. Аяқталғаннан кейін ұшқышсыз ұшу аппараттары қайтып оралады және палубаға қонады, ал қайықтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары көтеру құрылғыларының көмегімен орналастырылады. Әуел баста Zhu Hai Yun кемесі мұхит тұңғиығын зеррттеу үшін құрастырылған болатын, алайда, оның мүмкіндігі мен әлеуетіне жоғары болғандықтан Қытайдың әскери теңіз күштерінде де әскери мақсатта пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат