|
Әлемде алғаш рет әйелдерден тұратын әуе рейсі орындалды (видео)
|
Иранның Aseman Airlines әуе компаниясы тек бірыңғай әйелдерден әуе қатынасын жүзеге асырды. Бұл жайында islam.kz порталы IRNA.IR ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Иранның солтүстік-шығысындағы жергілікті халық үшін қасиетті саналатын Мешхед қаласына ұшып келген лайнерді Иранның тұңғыш ұшқыш әйелі Шахрзад Шамс басқарған. Ал ұшақ бортында 110 әйел жолаушы болған. Бұл әуе қатынасы желтоқсан айының 22-і күні – Ирандағы Аналар күніне орай жүзеге асырылған. Бұл күн Пайғамбарымыздың (ﷺ) қызы Фатима әз Зәхраның құрметіне белгіленген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...