Әлемде 14 млн балаға аштық қаупі төніп тұр
Әлемде 14 млн балаға аштық қаупі төніп тұр
6 күн бұрын 311 24.kz Жұлдыз Атагельдиева

ЮНИСЕФ өкілдері осылай деп дабыл қағуда. Айтуларынша, бәріне қаржы тапшылығы себеп, деп хабарлайды 24kz.

Жұлдыз Атагельдиева, тілші: - АҚШ – әлемдегі ең ірі донорлардың бірі. Бірақ, Дональд Трамп мемлекеттік шығынды азайту үшін халықаралық көмекті 83%-ке қысқартты. ЮНИСЕФ өкілдері бұл шешімнен 14 миллион балаға аш қалу қаупі төніп тұрғанын айтады. Әсіресе, 5 жасқа томаған бүлдіршіндердің жағдайы қиын. Алдағы уақытта тойып тамақ ішпейтін балғындарға ем көрсететін 28 мың орталық жабылуы мүмкін.

Кэтрин Рассел, ЮНИСЕФ атқарушы директоры: - Кейінгі жылдары біз әлемде тойып тамақ ішпейтін бала санын азайту бойынша үлкен жетістікке қол жеткіздік. 2000 жылдан бері бойы дұрыс өспейтін бүлдіршіндер саны 55 миллионға қысқарды. Бірақ, қаржының күрт азаюы бұл жетістіктің бәрін жоққа шығаратын түрі бар.

Мамандар, әсіресе, Газа секторының кішкентай тұрғындары үшін қатты алаңдаулы. ЮНИСЕФ дерегінше, мұнда миллионға жуық бала гуманитарлық көмек ала алмай отыр. Өйткені, наурыздың басынан бері Израиль әскері өңірде жүк көліктерінің кіруін шектеуде. Мамандар қазіргі азық-түлік қоры тек 400 балаға ғана жететінін айтады. Тіпті, соның өзі бір айдан аспайтынын ескертеді.

Ахмад әл-Кафарнех, Газа секторының тұрғыны: - Газада ұн жоқ. Наубайханалар жабық тұр. Соның кесірінен балаларым күніне бір-ақ рет тамақтануға мәжбүр. Кейде кешкі асқа тамақ болмаған кезде балаларды ерте жатқызып тастаймын. Бізде, тіпті, таза ауызсу табудың өзі қиын шаруа.

ЮНИСЕФ мамандары Газада дұрыс тамақтанбау салдарынан 60 мыңдай балада денсаулығына қатысты қиындықтар туындағанын айтады. Кейбіреуін медициналық көрсеткіштер бойынша басқа елдерге щұғыл жеткізу керек. Бірақ, қазір ондай мүмкіндік жоқ. Өйткені, Израиль мен ХАМАС арасындағы қарулы қақтығыс әлі жалғасып жатыр. Сондықтан, ЮНИСЕФ мамандары жанжалдасушы тараптарды оқ атуды доғарып, бітімге келуге шақырады.

Авторы: Жұлдыз Атагельдиева

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4