Әлем мұнай мен газдан бас тарта бастады
Әлем мұнай мен газдан бас тарта бастады
4 жыл бұрын 3620 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының энергетика министрлігі әлем экономикасында мұнай мен газдың үлесі таяудағы 20 жыл ішінде көп кемитінін алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш министрлік жетекшісінің орынбасары Павел Сорокинге сілтеме жасаған ТАСС ақпарат көзінің мәліметіне сүйене отырып мәлім етеді. Хабарға қарағанда, 2040 жылы әлемдік энергетикадағы мұнай мен газдың үлесі бүгінгі көрсеткішпен салыстырғанда 31 пайыздан 23 пайызға дейін кемиді, ал көмірдің үлесі 26 пайыздан 19 пайызға азаяды. Алайда, салыстырмалы түрде газдың үлесі 23 пайыздан 25 пайызға дейін артпақ. Ал жаңғыртпалы энергия көздерінен өндірілетін энергия мөлшері 2 пайыздан 8 пайызға, биоотын үлесі 9 пайыздан 11 пайызға артады. Десе де ресейлік лауазымды тұлға мұнай мен газдың энергетикада басымдыққа ие болып қалатынын тілге тиек еткен. Оның үстіне, көміртек нарығындағы өсе түсетін бәсекелестік мұнай мен газ бағасының шарықтап кетуден сақтайды.

0 пікір
Мұрағат