Әлем жаппай жаһандық аңду дәуіріне аяқ басты
Әлем жаппай жаһандық аңду дәуіріне аяқ басты
3 сағат бұрын 70 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарының ұлттық контрбарлау және қауіпсіздік орталығы (NCSC) күллі әлем бойынша 100-ге тарта мемлекеттің мобилді құрылғыларды бұза алатын замануи тыңшылық бағдарламасын сатып алғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы securitylab ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әрбірден соң мұндай бағдарламаны мемлекеттің өзі де, жекелеген тұлғалар да пайдалануға көшкен. Осыған байланысты тыңшылық бағдарламаларына сұраныс артып келеді. Бұған қоса, мұндай бағдарламалар кеңінен таралып, қол жеткізуге оңай құралға айналған. Кейбір бағдарламалар «plug and play» (“қосыл да жұмыс істей бер”) қағидаты бойынша жұмыс істейтіндіктен бопсалаушылар мен хакерлер (интернет қарақшылары) тарапынан да қызығушылық тудыруда. Израилдік NSO Group компаниясы әйгілі Pegasus spyware тыңшылық бағдарламасы бұл бизнестегі басты құралдардың біріне айналды. 2021 жылы АҚШ билігі NSO Group компаниясын журналистерге, азаматтық белсенділерге, дипломаттарға, лауазымды тұлғаларға тыңшылық жасау үшін қолданылған бағдарламалық жасақтаманы сатуды айыптап, қара тізімге алды. Дәл осы тізімге Intellexa және Cytrox бағдарламалары да кірген. Осыған қарамастан аталмыш израилдік компания NSO Group технологиясының бүгінде терроризммен және өзге де ауыр қылмыстармен күресте көп көмегін тигізіп келе жатқандығын мәлімдеді. Бұдан бөлек, NSO Group өкілдері өздерінің жасақтамалық бағдарламасын арам мақсатына пайдаланғандарды анықтаса, ондай клиенттермен арадағы келісім-шартты бұзатынын атап өтті. NSO Group – нарықтағы жалғыз ойыншы емес, бүгінде мұндай құралдарды ұсынатын компаниялар жетіп артылады. Британияның ұлттық киберқауіпсіздік орталығы атап өткендей, мұндай технология өз кезегінде әзірленуіне бірнеше ондаған жылдар кететін түрлі технологияларға көптеген мемлекеттердің қол жеткізгенін келтірді.

0 пікір
Мұрағат