Әлем жаңалықтары: Мысыр астанасын ауыстыруы мүмкін
Әлем жаңалықтары: Мысыр астанасын ауыстыруы мүмкін
10 жыл бұрын 4198

Мысырдың жаңа астанасы болуы мүмкін. Ол Каир қаласының солтүстігінде орын тебетін болады. Қазіргі уақытта 65,33 млрд долларға бағаланған аталмыш жоба бойынша аса ірі араб құрылысшыларымен келіссөз жүргізіліп жатыр. Мысырдың инвестиция министрі Ашраф Салманның айтуынша, жаңа астананың құрылыс жұмысы 12 жылға созылады. 

 

Исламды зерделеп, сыйлық алды

Үндістанның танымал ислам ғалымы Зәкір Найк Сауд Арабиясы королі Салманның өз қолынан ислам әлеміндегі ең беделді корол Фесал атындағы халықаралық сыйлықты алды. Ислам дінін зерделегені үшін. Зәкір Наик салыстырмалы дінтанумен шұғылданады. Аталмыш сыйлық бес аталым бойынша беріледі: исламға қызмет еткені үшін, исламды зерттеу, араб тілі мен әдебиеті, ғылым мен медицинасалалары бойынша беріледі. Бұл қомақты жүлдеге ие болғандардың кеудесіне 200 грамдық алтын медал тағылады, 200 000 долларды қанжығасына байлайды. Осы сыйлыққа ие болған 49 жастағы ғалым Үндістандағы ислами зерделеу қорының президенті болып қызмет атқарады. Сондай-ақ, оның Peace Channel діни хабар тарататын телеарна ашқаны да ескерілген. 

 

Гана президенті шариғат шәлісіне оң көзқарас білдірді

Гана мұсылмандары ел президентінің конституцияда көрсетілгендей наным-сенім бостандығына қатысты азаматтар құқығын қамтамасыз ететін директивасына шүкіршілік білдіруде. «Дұғамыз қабыл болды-ау ақыры»,- деді қуанышын жасыра алмаған Кәусар Мұхаммед есімді студент. Гана президенті Джон Махама (John Mahama) өзінің жыл сайынғы жолдауында азаматтардың наным-сенім бостандығын қамтамасыз ететін конституцияның 21 бабының сақталуына кепілдік беретінін айтты. «Мұсылман студенттерінің шіркеуге барып, құлшылық етуге мәжбүр болатыны немесе христиан оқушыларының мұсылманша ғибадат етуге мәжбүр болатыны дұрыс емес. Сондай-ақ, мұсылман әйелдеріне шариғат шәлісін жамылып жүруіне тыйым салу да дұрыс емес»,- деді ол өз сөзінде. Айта кетейік, аталмыш құжат қабылданбай тұрып, орта мектептерде білім алып жүрген және мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін мұсылман оқушылары мен әйелдерге шариғат шәлісін жамылып жүруге тыйым салынған болатын. 

 

Бір айдың ішінде кем дегенде 1 100 адам қаза тапқан

Біріккен Ұлттар Ұйымының 2015 жылдың ақпан айының ішінде Шам жерінде қанша адамның қаза тапқаны жөніндегі есебін жариялады: үстіміздегі жылдың ақпан айы ішінде Иракта түрлі діни және саяси ағымдар арасындағы қарулы қақтығыстан, лаңкестік оқиғалардан, терактілерден кем дегенде 1 100 адам опат болған. Олардың 611-і бейбіт тұрғындар. Бір ғана ИСИМ баскесерлерінің қолынан 2800 адам бақиға аттанған, олардың 1353-і бейбіт тұрғындар. Айта кетейік, БҰҰ есебінде ИСИМ содырлары бақылауда ұстайтын аудандардағы адам шығыны кірмеген.

 

Австралия армиясы имам іздеп жатыр

Автралияның қорғаныс күшінде қызмет етіп жүрген мұсылман әскерилері үшін имам іздеп жатыр. Бұл жайында қорғаныс министрінің көмекшісі Стюарт Роберт (Stewart Robert) хабарлады. Парламентте сөйлекген сөзінде ол әскерде бір раввин мен бес священниктің барын жеткізді. Sydney Morning Herald ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда Австралия армиясындағы 57 мың адамның шамамен 5,7%-ын мұсылмандар құрайды.

 

Синагогты мұсылмандар қалпына келтіретін болды

Бельгиядағы ежелгі синагогты мұсылман жамағаты қалпына келтіретін болды. Еуропаның қақ төріндегі бұл елде мұсылмандардың бұл акциясы бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды. Толеранттылық пен ынтымақтастықтың жарқын үлгісін көрсеткен мұсылмандар осылайша 2005 жылы Бельгияның сәулет және діни мұраларының тізіміне енген тарихи синагогты қалпына келтіру акциясында 400 000 еуро жинаған. Еврейлердің аталмыш ғибадат ғимараты 1865 жылы салынған болатын.

 

Иран отбасылық халал туризмді дамытады

Иран билігі жылына кем дегенде 15 000 000 мұсылман туристі тартуды алдына мақсат етіп қойды. Ол үшін халал туризмнің халықаралық орталығына айналдыру бағытында жұмыс істейтін болады. Бұл жайында мәдени мұралар ұйымының вице-президенті Масуд Солтанифар мәлім етті. Өткен жылы Иранға 5 000 000 турист барған. Ең алдымен шариғат таалаптарының үддесінен шығатын отбасылық туризмді дамытуға күш салатындарын жеткізді. Алдағы он жылдың ішінде туристердің қарасын ең аз дегенде 20 000 000 адамға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

 

16 жастағы бозбаланың исламофобтарға қарсы платформа құрды

Зияд Ахмет есімді 16 жастағы америкалық бозбала қоғамды жайлаған ислам жайындағы жаңсақ ұғымдар мен қате көзқарастарға тойтарыс беру мақсатында пікір алмасу платформасын құрды. Бұл жайында MTV News ақпарат көзі хабар таратты. Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары ислам дінін туралы бұрмаланған ақпараттарды таратып, қоғамның мұсылмандарға қатысты көзқарасының өзгеруіне ықпал етіп отыр. Әлі мектеп қабырғасында оқитын бозбаланың «Redefy» деп аталатын бұл жобасы осындай бұрмалаушылықтармен күресуге арналған.

0 пікір
Мұрағат