Әлем елдері жанталаса азық-түлік қорын жинап жатыр. Бұл жақсылықтың нышаны емес - сарапшылар
Әлем елдері жанталаса азық-түлік қорын жинап жатыр. Бұл жақсылықтың нышаны емес - сарапшылар
4 жыл бұрын 6478 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлем елдері COVID-19 жұқпалы індетінің екінші толқыны салдарынан әлемдік сауда-саттықтың тоқырауы мүмкін екенін ескеріп, азық-түлік қорын жанталаса жинап жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, мәлім етеді. Мәселен, Иордания бидайдың рекордтық мол қорын жинап үлгерген, ал Мысыр азық-түлік импортын осы жылдың сәуір айынан бастап 50%-ға арттырған. Тайван да Қытай секілді азық-түліктің стратегиялық қорын арттырып жатыр. Сарапшылардың, дәлірегі, ресейлік «Альпари» талдау және сараптамалық орталығының жетекшісі Александр Разуваевтың айтуынша, әлем елдерінің мұндай қадамға баруына тек тәжді тажалдың кесірінен орын алуы ықтимал логистикалық тоқырау ғана себеп болып отырған жоқ, сонымен қатар, әлемдегі геосаяи жағдайдың нашарлауына байланысты ықтималдылығы артып келе жатқан соғыс қатері де түрткі болып отыр. Осылайша стратегиялық маңызы зор саланы - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көшкен. 

0 пікір
Мұрағат