Әлем бойынша түрмеде қанша нәзікжанды жазасын өтеп жатыр?
Әлем бойынша түрмеде қанша нәзікжанды жазасын өтеп жатыр?
10 жыл бұрын 4102 altyn-orda.kz

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 23-і күні жарияланған Лондон қаласындағы Қылмыстық саясатты зерттеу институтының (Institute for Criminal Police Research) баяндамасында айтылғандай, әлем бойынша темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан нәзікжандылардың қарасы 700 мыңнан асып кеткен. Аталмыш баяндамада соңғы 15 жылдың ішінде түрмедегі әйелдер мен бойжеткендердің қарасы 50 пайызға артып кеткені де айтылған. Істі болып, абақтыға жабылған ақ жаулықтылардың дені АҚШ-та, Ресей-де және Қытайда. Аталған үш елдің түрмесінде бүкіл әлем бойынша жазасын өтеп жатқан ақ жаулықтылардың жартысы жатыр. Бір ғана Ресей Федерациясының өзінде 53 304 әйел мен бойжеткен түрменің ботқасын қанағат етуге мәжбүр болып отыр. Біз сөз еткен институт жетекшілерінің бірі Джессика Джекобсон әйел жұрағатын қоғамның ең қорғансыз тобына жатқызып, қылмыстық істердің құрбаны болып жатқанына алаңдаушылық білдірді. Зерттеу авторларының айтуынша, түрмеде жатқан ақ жаулықтылар қарасының бұдан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Өйткені, кей елдер осы мәселеге қатысты ақпарат беруден бас тартқан. Нақты қай елдер екені айтылмаған.

0 пікір
Мұрағат