Әлем бойынша тұңғыш рет компьютерге тәуелді болып қалған адам емханаға жатқызылды
Әлем бойынша тұңғыш рет компьютерге тәуелді болып қалған адам емханаға жатқызылды
3 жыл бұрын 1928 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Испаниялық жасөспірім компьютерлік ойынға тәуелді болып қалғандықтан емханаға жатқызылып, екі ай емделіп шықты. Осылайша әлем бойынша тұңғыш рет компьютерге тәуелді болып қалған адам емтхана төмегіне таңылған. Бұл жайында islam.kz порталы Onda Cero ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Fortnite видео ойынына еліккен жасөспірім үйге қамалып ап, ойыннан бас көтермеген – өзгелермен тілдесуден, жүздесуден қашып қоймай, сонымен қатар, төңірегіне назар салуды қойған, бұдан бөлек, ұйқысы қанбай, жеке бас тазалығына салғырт қарап, салақсып кеткен. Бұрын оқу озаты болған оқушының да сабақ үлгерімі ақсап кеткен. Тексере келгенде жасөспірімнің компьютерлік ойынға тәуелділігінің артуына эмоциялық соққы алғаны себеп болған - осыдан бір жыл анасы онкологиялық аурудан қайтыс болған екен. Дәрігердің тұжырымынша, компьютерлік ойын қайғыны ұмыттырған оның басты алданышына айналған. Жасөспірімге емханада аутистикалық спектрі бұзылған, қайғыға бой алдырған, т.б. диагноз қойылды. Жасөспірім екі ай емделді, дәлірегі, ем-домның көмегі тиді. Қазіргі уақытта ол компьютер алдында көп отырмайтын болған. Әлеуметтік өмірі де қалпына келген.

0 пікір
Мұрағат