Әлем бойынша туберкулез өршіп келеді
Әлем бойынша туберкулез өршіп келеді
2 жыл бұрын 1572 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Туберкулез бактериялары кез келген ағзаның қабынуын тудыруы мүмкін, алайда, көбінесе өкпені зақымдайды. Бұл жайында islam.kz порталы Associated Press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері соңғы бір жылда әлемде туберкулезге шалдыққандар санының күрт көбейгенін алға тартып отыр. Хабарда айтылғандай, әлемде бұл дертке шалдыққандар саны көп жылдардан бері алғаш рет артты. Өткен жылы бұл ауруды 10 миллионнан астам адам жұқтырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға көп. Науқастардың 450 000-ге жуығы дәріге төзімді туберкулез дертінен зардап шегеді. ДДСҰ өкілдері туберкулездің мұншалықты кеңінен  таралуына басқа факторлармен қатар коронавирус инфекциясы да кінәлі болуы мүмкін, дейді. Дәлірегі, пандемия кесірінен аталған ауруға шалдыққандарды дер кезінде анықтау әрі емдеу мүмкін болмай кеткен. Айта кетейік, туберкулез ауа тамшылары арқылы таралатын жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы - Mycobacterium tuberculosis бактериясы. Көбінесе өкпе зардап шегеді

0 пікір
Мұрағат