Әлем бойынша шылымқорлар саны азайып келеді
Әлем бойынша шылымқорлар саны азайып келеді
11 ай бұрын 1550 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бүгінде күллі әлем бойынша 1,25 млрд ересек адам шылым шегеді, алайда, соңғы жылдары темекі өнімдерін тұтыну деңгейі жылдан жылға төмендеп келеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңалықтар қызметіне жөн сілтеген forbes.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, адамзаттың әрбір бесінші ересек тұрғыны темекі тартады, ал 2000 жылы адамзаттың әрбір үшіншісі шылым шегетін. Баяндамада келтірілген дерекке қарағанда, 150 мемлекет темекі өнімдерін тұтыну деңгейін төмендете алған. Бұл тарапта Бразилия мен Нидерланды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес шараларын енгізгеннен кейін табысқа қол жеткізген: Бразилия 2010 жылдан бері темекі тартатын тұрғындар қарасын 35 пайызға, ал Нидерланды 30 пайызға дейін төмендете алған. Ал шылымқор тұрғындары бойынша  Конго, Мысыр, Индонезия, Иордания, Оман және Молдова көш бастап тұр. Қазіргі уақытта темекі өнімдерін пайдаланудың ең жоғары деңгейі Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында байқалады, онда халықтың 26,5 пайызы шылым шегеді. Екінші орында Еуропа - халықтың 25,3 пайызы темекі өнімдерін тұтынады. Сарапшылардың айтуынша, 2030 жылға қарай темекі өнімдерін тұтынумен байланысты аурулардан зардап шегетіндер қарасы көбейеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша 2025 жылға қарай әлем темекі өнімдерін тұтынудың 2010 жылғы деңгеймен салыстырғанда 25 пайызға азайтады.

0 пікір
Мұрағат