|
Әлем бойынша қайырымдылық жасауда қай ел көш бастап тұр немесе әлемнің 147 елі көмек алған мұсылман мемлекеті
|
Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы әлем бойынша қайырымдылық іс-шараларына және жобаларына атсалысқан елдердің кезекті рейтингісін жариялады. Бұл тізімнің басында Біріккен Араб Әмірліктері тұр. Осынау мұсылман елі аталмыш рейтингте биіктен көрінуі бір бұл емес. Аталған ұйымның есебі бойынша БАӘ өткен жылы әлемнің өзге елдеріне көмек ретінде және дамуына 19 млрд-тан аса доллар бөлген. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы белгілеген мөлшерден екі есе жоғары көрсеткіш. БАӘ қайырымдылық қаражатының 43%-ы Азия елдеріне, 28 пайызы Африка құрлығындағы мемлекеттерге қалған 23 пайызы еуропалық елдерге аударылған. Өткен жылы әлемнің 147 елі Біріккен Араб Әмірлігінен көмек алған екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапониядағы мұсылман саны 1 жылда 70 мың адамға артқан
■
Жерде жаңа климаттық белдеу пайда болуы мүмкін
■
Иран сағатына 500-ден аса шақырым қашықтықпен қозғалатын, радарға іліге бермейтін соққы беруші дрон құрастырды (видео)
■
Араб елі аумағындағы ең күрделі әрі ауқымды жобаның ауыр кезеңі аяқталды (видео)
■
Ем-домға бой бермейтін обыр түрімен күресуде маңызды қадам жасалды