Әлем бойынша оқушылардың 40%-ы ана тілінде білім алмайды
Әлем бойынша оқушылардың 40%-ы ана тілінде білім алмайды
2 жыл бұрын 1557 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Баланың тәрбиесі мен тұлға болып қалыптасуына ана тілінің ықпалы зор, ана тілі арқылы дүниетанымы қалыптасқан бала толыққанды білімм ала алады. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Алайда, күллі әлем бойынша мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы өзі еркін сөйлейтін, ойын еркін жеткізе алатын ана тілінде білім алу мүмкіндігінен қағылған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде UNESCO-ның бас директоры Одри Азуле келтірген дерекке жөн сілтеген Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңалықтар қызметіне (news.un.org сайты) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған отаршылдық кезеңнің салқын салдарынан пайда болған тілдік тосқауыл факторы себеп болып отыр, яғни, басымдыққа ие болған отарлаушы елдің мәдени экспанциясы мен бүгінде белең алған жаһандану процесі өз әсерін тигізуде. Бүгінгі таңда әлемдегі алты мың тілдің 43 пайызына жоғалу қатері төнген, әр екі апта сайын бір тіл жоғалады.

0 пікір
Мұрағат