Әлем бойынша жұмыссыздық рекордтық деңгейге жетті
Әлем бойынша жұмыссыздық рекордтық деңгейге жетті
6 жыл бұрын 4320 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы, яғни, 2017 жылы күллі әлемде жұмыссыз қалғандар саны немесе жұмыссыздар саны бұрын-соңды болмаған рекордтық деңгейге жеткен. Нақтырақ айтқанда, әлем бойынша жұмыссыздар қарасы 192,7 миллион адамнан асып кеткен. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,6 пайызға (2,6 млн адамға) артқан. Бұл жайында Халықаралық еңбек ұйымы (Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі) жасаған баяндамада айтылған. Биыл, яғни, 2018 жылы аталған ұйымның болжамынша, әлемдегі жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың деңгейінде қалмақ. Яғни, өзгеріс болмайды, жұмыссыздар азаймайды немесе көбеймейді. Ал 2019 жылы жұмыссыздар қарасы 193,6 млн адамға артады. Десе де 25 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар қатары сәл де болса сирейді. Сарапшылар жұмыссыздық мәселесі, әсіресе, Африка құрлығының солтүстігінде ушығып тұрғанын жеткізді: аталған аймақта жастардың үштен бір бөлігі екі қолға бір күрек таппай сенделіп жүр. 

0 пікір
Мұрағат