Әлем бойынша инфляциясы ең жоғары ел аталды. Қазақстан бұл тізімде нешінші орында тұр?
|
Өткен жылдың қорытындасы бойынша Зимбабве (Африка құрлығында орын тепкен ел – ред.) инфляция деңгейі ең жоғары ел атанды - 243,8 пайыз. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш бойынша «көш басынан» Венесуэла (234 пайыз) мен Ливан (122 пайыз) көрінген. Түркия алтыншы орында (64,3 пайыз). Еуропа елдерінің ішінде 17 мемлекет 50 елдің қатарына енді. Инфляцияның басым бөлігі Молдовада (30,2 пайыз), Украинада (26,6 пайыз), Венгрияда (24,5 пайыз), Литвада (21,7 пайыз) және Латвияда (20,8 пайыз) қарқын алған. Ал бізбен бірге еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы ел – Ресей Федерациясы аталмыш тізімде 11,9 пайыздық көрсеткішпен 52-ші орынға жайғасқан. Ал елімізге келсек, инфляция деңгеі жоғары елдер қатарында тұр – 20, 3 пайыз. Көрші Қырғызстанда – 14,7 пайыз. Әзірбайжанда – 13,9 пайыз. Өзбекстан (12,8 пайыз) мен Беларуссия (12,3 пайыз) шамалас. Ал инфляция деңгейі ең төмен ел – Қытай (1,8 пайыз). Әлемде 2022 жылы дефляцияға ұшыраған жалғыз ел – Оңтүстік Судан, атталған елде баға 11,6 пайызға дейін құлдыраған.
Уикипедия электронды энциклопедиядан:
Дефляция (лат. deflatіo – желбірету‚ үрлеу‚ қампайту), экономикада – тауар бағасының тұрақты түрде құлдырауы. Инфляцияға қарама-қарсы ұғым. Дефляцияда тұтынумен салыстырғанда артық ақшаның бір бөлігін алу жолымен айналыстағы ақша жиыны азайтылады. Әдетте‚ инфляцияға қарсы күресу мақсатын көздейді. Ол бірқатар қаржы-несие және басқа шаралар арқылы‚ мыс.‚ салық мөлшерлемелерін көбейту‚ жалақыны тоқтатып қою‚ мемл. шығысты азайту‚ ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздардың сатылуын қысқарту‚ несие пайызын көтеру‚ жинақ ақшаны өсіру‚ т.б. жолдармен жүзеге асырылады. Дефляция ақшаның “қымбаттауынан” немесе ел экономикасында бағаның жалпы (орташа) деңгейінің төмендеуінен‚ сондай-ақ ұлттық валюта бағамының жоғарылауынан да көрініс табады. [1]