Әлем бойынша әскери шығын рекордтық деңгейге жетті
Әлем бойынша әскери шығын рекордтық деңгейге жетті
2 жыл бұрын 1682 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы күллі әлем бойынша әскери шығын соңғы сегіз жыл ішінде алғаш рет рекордтыұ деңгейге жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Стокголмдегі әлем проблемаларын зерттейтін халықаралық институт (SIPRI) келтірген дерекке жөн сілтеген Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы шығынның артуына Ресейдің Украинаға басқыншылығы түрткі болған. Әсіресе, Еуропа елдері қоғаныс қабілетін нығайту үшін сыртқы күштерден қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қыруар қары бөлген. Дәлірегі, 2022 жылы әлемде әскери шығындар 3,7 пайызға артып кеткен, нақты сомасы – 2,24 трлн доллар. Геосаяси ахуалдың құбылмалығынан Солтүстік Атлант саяси-әскери ұйымына мүше елдердің қорғаныс бюджеті 2021 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға өскен. Керісінше осы күнгі озық тенология бойынша қару-жарақ арсеналын жетілдіруге күш салған Түркия, Грекия және Италияның әскери шығыны әжептәуір кеміген екен. Ал әскери шығынның ең зоры – АҚШ-та: қорғаныс бөлетін қаражаты әлем бойынша қару-жарақ сатып алуда алдыңғы орында тұрған барлық он елдің әскери шығынынан да көп.

Салыстыру үшін алсақ, АҚШ-тың 2022 жылға арналған әскери бюджеті 770 миллиард доллардан асқан, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға көп.
Ресми деректерге сәйкес Қытайдың әскери бюджеті 7,1 пайызға артып, 1,45 триллион юанға (230,16 миллиард доллар) жеткен. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы 6,8% және 2020 жылғы 6,6% өсімнен жоғары.

 

0 пікір
Мұрағат