Әлем байлығы бір жыл ішінде қанша пайызға артты
|
Швейцариялық Сredit Suisse банкі таяуда жария еткен Global Wealth Report баяндамасында келтірілген дерекке қарағанда, әлемдегі ат төбеліндей ең бай топтың, яғни, 10%-ы ел дәулетінің 82%-на ие болып отыр. Ресейде. Ал АҚШ-та, яғни, ең дамыған елде бұл көрсеткіш 76 пайыздан аспайды. Қытайда 62 пайызды құрап отыр. Әлем тұрғындарының жалпы байлығы 2017 жылдың маусым айының соңында 14 трлн долларға немесе 4,6%-ға артқан. Яғни, жалпы есеп бойынша 317 трлн долларға жеткен. Айналып келгенде әлемдегі әл-ауқат халық санына шаққанда тез артқан, яғни, ересек адамға шаққанда 3,2%-ға артық тез артқан. Бұл тізімде Швейцария және Австралия бұрынғыша елдің алдын бермей келеді: 530,24 мың доллар - Швейцария, 411,6 мың доллар - Австралия. Соңғы жылы әлем бойынша 2,31 млн жаңа миллионер пайда болған. Олардың ұзын саны 42,155 млн-ға жеткен. Сондай-ақ әлем байлығының еселеп артуына АҚШ-тың қосқан үлесі көп. Өткен жылғы көрсеткіш бойынша америкалық актив 6,3 трлн доллардан $98 трлн долларға дейін артқан. Ал Қытай екінші орынға табан тіреген - 52 трлн доллар (бір жыл ішінде 2,3 трлн долларға байлығын еселеген). Credit Suisse сарапшылары алдағы 5 жыл ішінде қытайлардың әл-ауқаты 23 трлн долларға артатынын болжап отыр. Әлем бойынша ең ауқатты, яғни, активі 100 мыңнан кем емес байлар қарасы 9,5%-ды құрап отыр. Олар жалпы есепте әлем байлығының 84,1%-на ие болып отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 86% болып еді. Әлем тұрғындарының байлығы алдағы бес жыл ішінде шамамен 26 пайызға артып, 2023 жылы 399 трлн долларға жетпек.