Алдағы үш жыл әлем экономикасы үшін ауыр болады – сарапшы
Алдағы үш жыл әлем экономикасы үшін ауыр болады – сарапшы
2 жыл бұрын 1097 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

1970-шы жылдары Жорж Сороспен бірге Quantum Fund (Кванттық қор) құрған Жим Рожерс есімді америкалық инвестор жаһан экономикасы үшін ауыр кезеңнің туып келе жатқанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшының айтуынша, күллі әлем бойынша 2009 жылдан бері қарыз мөлшері өсіп келеді. Міне, осы қаржылық міндеттеме әлем экономикасын кері тартатын негізгі факторлардың біріне айналмақ. Өткен жылы әлемдік қарыз мөлшері 226 трлн долларға жеткен. Халықаралық валюта қорының келтірген дерегіне қарағанда, жаһандық қарыз 28 пайыздық тармаққа өсіп, 2020 жылы жалпы ішкі өнімнің 256 пайызын құраған. Мемлекеттік қарыз өткен жылы жалпы әлемдік қарыздың 40 пайызын құраған, бұл 1960 жылдардың ортасынан бергі ең жоғары көрсеткіш. 2007 жылдан бері мемлекеттік қарыздың ұлғаюы негізінен үкіметтер тап болған екі негізгі экономикалық дағдарысқа – алдымен жаһандық қаржылық дағдарысқа, содан кейін COVID 19 пандемиясына байланысты. Ал осыдан біраз уақыт бұрын АКРА рейтингтік агенттігі 2023 жылдың бас кезінде ғаламдық рецессия (Рецессия — экономика циклінің (конъюнктура) бумнан немесе ұзақмерзімді дамудан кейінгі депрессияға ұласатын бір фазасы – Уикипедия электронды энциклопедиядан)  орын алуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұған соңғы екі жылда энергияның кем дегенде 60 пайызға қымбаттағаны себеп болмақ.

0 пікір
Мұрағат