Алдағы жылдары әлем халқының өсуіне үлес қосатын 10 мемлекет аталды
|
Демографтардың болжамынша, 2037 жылы адамзат саны тоғыз миллиардқа жетеді. Бұл жайында islam.kz порталы Біріккен Ұлттар Ұйымының қыркүйек айындағы мәліметіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлем тұрғындарының санының өсуіне он мемлекет айрықша үлес қосады. Дәлірегі, осы он ел тұрғындарының қарасы күллі әлем халқының 49%-н құрайтын болады. Алғашқы ондыққа Африка құрлығының бес және Азияның төрт елі кірген. Қазіргі уақытта әлемдегі халқы ең көп ел болып саналатын Үндістан өз халқын 147 миллион адамға көбейтеді, бұл көрсеткіш Ресейдің бүкіл халқының санына тең. Үндістаннан кейін Африкадағы халқы ең көп ел – Нигерия. Тек Америка құрама штаттары ғана Африка мен Азиядағы тыс халқы көп мемлекет. Негізінде АҚШ халқы мигранттар есебінен көбейеді. Сарапшылардың болжамынша, жер планетасының тұрғындары 2080 жылға дейін өсетін болады – 10 млрд адамға жетеді. Содан кейін адамзат қарасы кеми бастайды.