Алдағы 30 жылда кеңінен тарайтын ауру аталды
Алдағы 30 жылда кеңінен тарайтын ауру аталды
1 жыл бұрын 808 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Ralph Orlowski / Reuters

Ғалымдардың болжамынша, енді бір 30 жылда сусамыр ауруынан зардап шегетін науқастар саны шамамен 1,3 млрд адамға жетпек. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған The Lancet мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінгі таңда күллі әлем бойынша сусамыр дертіне шалдыққандар қарасы жарты млрд-ты құрайды. Қазіргі жаһандық таралу деңгейі 6,1 пайызды құрайды. Ал аймақтарға шақсақ, ең жоғары көрсеткіш Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста - 9,3 пайыз және 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 16,8 пайызға жетуі мүмкін. Ал Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде 11,3 пайызға дейін өседі. Ең жоғары көрсеткіш 75 пен 79 жас аралығындағыларға тиесілі - 24,4 пайыз. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста бұл жас тобындағы ең жоғары көрсеткіш - 39,4 пайыз, Орталық Еуропа, Шығыс Еуропа және Орталық Азияда 19,8 пайызды құраған. Бүкіл әлемде қант диабетімен ауыратындардың 96 пайызы оның асқынған түріне шалдыққан - 2 типті қант диабеті. Дене салмағының жоғары индексі (BMI), яғни, артық салмақ қант диабетінің негізгі себебі.

0 пікір
Мұрағат