Албания астанасында мұсылмандардың өз «Ватиканы» болады
|
Кәрі құрлықта орын тепкен Албания астанасында – Тирана қаласында ергежейлі мемлекет құрылады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде NYT ақпарат көзіне жөн сілтеген Forbes.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұл арада бекташ мұсылман қауымына арналған шағын мемлекет турасында сөз болып отыр. Мемлекеттің ішіндегі мемлекеттің өз әкімшілігі, төлқұжаты мен шекарасы болады. Бекташтар – 13 ғасырда қажы Бекташ негізін салған сопылық ағым. Түркияда, Албанияда, Солтүстік Македонияда және Боснияда кеңінен таралған, негізінен исламды қабылдаған бұрынғы православтар мен униаттардың арасында ізбассарлары көп. Егер бәрі жоспарға сай жүзеге асса, Тиранадағы мұсылман мемлекеті Нью-Йорк мегаполисінің шамамен бес орамындай (11 га) аумақты басқаратын Ватикан үлгісіндегі егеменді анклав түрінде болады. Албанияның премьер-министрі Еді Рама жақын арада Бекташтар орденінің егемен мемлекеті деп аталатын ұйым құру жоспарын жариялайтынын айтты. Албания құрамындағы "толерантты ислам" мемлекет мәтрбесі туралы заң жобасы әзірленеді.