әл-Азһар түлегі өз елінің экономикасын көтеретін аса ірі қадам жасады
әл-Азһар түлегі өз елінің экономикасын көтеретін аса ірі қадам жасады
11 ай бұрын 894 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Нигерияда күллі Африка құрлығы бойынша теңдесі жоқ, аса ірі мұнай өңдеу зауыты ашылды. Әлемге әйгілі әл-Азһар университетінің түлегінің тікелей мұрындық болуымен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде түріктердің Sabah ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тұтас бір құрлықта теңдесі жоқ кәсіпорын дизелді және авиациялық отын өндіруге мамандандырылған. Лагос маңында орын тепкен осынау зауыт күн сайын 650 000 мұнай баррелін өңдеуге қауқарлы. Бұл жаңалық несімен құнды? Мұнай шикізатын өңдеу зауыты бүгін пайда болған жоқ дейтіндерге айтарымыз, мұнай өңдейтін аса ірі кәсіпорын Африка құрлығында алғаш рет ашылып отыр. Екіншіден, бұл кәсіпорын отынды сырттан сатып алатын Нигерияны импорттан құтқарады. Яғни, Алико Данготе есімді әл-Азһар түлегі әрі дәулетті (оның байлығы 19 млрд долларға бағаланады) азамат мұнай шикізатын өндіргенімен оны өңдеуге қауқары жоқ Нигерияны тәуелділіктен құтқаратын батыл қадамға барды. Бұдан былай Нигерия 100 пайыз өзін жанар-жағармаймен және өзге де мұнай шикізатынан өндірілетін отын түрлерімен қамтамасыз ете алады. Нигерия осынау қазбалы отынға бай болғанымен оны өндірісін жыл сайын қаржыландырып келген еді. Бюджет есебінен. Осының кесірінен бюджет тапшылығынан құтылмайтын. Үшіншіден, Нигерия әлемдегі халық саны ең көп мемлекетердің бірі - шамамен 215 млн. Осыған байланысты жастар арасында жұмыссыздық белең алып тұр. Аталмыш мұнай өңдеу зауыты талай адамды жұмыспен қамти алады. 

0 пікір
Мұрағат