|
Әл-Арабия каналы Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшісі Батыршаев Бақытпен жекешелендіру бағдарламасына қатысты сұхбат жүргізді
|
Әл-Арабия каналында күні кеше Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елші Батыршаев Бақытпен сұхбат өтті. Сұхбат тақырыбы Қазақстандағы жекешелендіру бағдарламасына қатысты болды.
Қазақстан Саудиялық инвесторлар үшін зор мүмкіндіктер туғызуда. Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшісі Батыршаев Бақыт: «Қазақстан 2016 жылы кең ауқымды жекешелендіру бағдарламасын іске асыруды көздеп отыр. Бұл бағдарлама бірнеше секторларда жүргізіледі. Атап айтқанда, мұнай, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық секторлары», – деді. Сонымен бірге, «800-ден астам мемлекетпен еншілес компанияларды жекешелендіру үшін кешенді жоспар жасалып жатқандығын да атап өтті» деп жазады alarabiya.net сайты.
Сонымен қатар, қазақстандық елші өз еліндегі түрлі секторлардағы жекешелендіру бағдарламасының Саудтықтар бастаған шетелдік инвесторлар үшін де көптеген мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті.
Жекешелендіру бағдарламасында ауыл шаруашылығы жобаларына, оның ішінде бидай өніміне үлкен мән берілетіндігі түсіндірілді. Қазақстанда жылына 16-20 млн тоннаға дейін бидай өндіріледі. Жалпы алғанда, бұл елдің жылына 30 млн тонна бидай өндіруге мүмкіндігі бар екендігі де тілге тиек болды.
Араб тілінен қазақшаға аударып, дайындаған islam.kz