Әкелерге қатысты ереже өзгертіледі
Әкелерге қатысты ереже өзгертіледі
3 жыл бұрын 2091 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапонияның үкіметтік комиссиясы ықтимал әкелерге қатысты көнеден келе жатқан Азаматтық кодекстегі норманы өзгертуі тиіс заң жобасын әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы nippon.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада тұрмысқа шыққаннан кейін немесе қайта тұрмыс құрғаннан кейін дүниеге келген баланың әкесіне қатысты норма турасында сөз болып отыр. Күншығыс елінің әділет министрлігіне кеңес берумен айналысатын заң шығарушы кеңеске қарасты комитет әзірлеген азаматтық кодексті қайта қарастыратын аталмыш заң жобасы  ақпан айының орта шенінде кеңестің ресми мақұлдауымен Әділет министріне ұсынылады. Азаматтық кодекстің негізгі принциптері мынадай: әйел құрсақ көтергенде онымен ерлі-зайыптылық қатыста болған ер адам болашақ баланың әкесі саналады; осы принципке сәйкес қолданыстағы ережеде белгіленген талап бойынша анасы ажырасқаныннан кейін 300 күн ішінде дүиеге келген баланың әкесі ретінде оның бұрынғы күйеуі саналады, ал әйел ажырасқан сәтінен 100 күн өтпейінше қайты тұрмыс құра алмайды. Осы талаптың кесірінен көптеген әйел бұрынғы күйеуін әкесі ретінде көрсетпес үшін отбасы тізілімінде балаларын тіркемейді. Осыдан барып самурайлар елінде «тіркелмеген азаматтар» қарасы өскен. Ал жаңа нұсқасында ажырасу мен қайыра тұрмыс құру арасында сақталуы тиіс міндетті мерзім болмайды, тұрмысқа шыққаннан кейін немесе анасы қайыра тұрмыс құрғаннан 200 күннен кейін дүниеге келген баланың әкесі ретінде оның бұрынғы күйеуі саналады. Ал ажырасқаннан кейін 300 күн ішінде дүниеге келген баланың әкесі ретінде әйелдің бұрынғы күйеуі саналмақ – әйелдің кейінгі күйеуі баланың әкесі ретінде танылмайынша.

0 пікір
Мұрағат