Ажырасудың "ақылға сыймайтын" себебі айтылды
|
Соңғы жылдары Сауд Арабиясында ажырасу індет секілді тез тарап, кеңінен етек алып, рекордтық көрсеткішке жеткен. Бұл саудиялық бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Белгілі болғандай, аталған елдің әр мың тұрғынына шаққанда 2,5 ажырасу жайты орын алған. Айта кетейік, Саудия мұсылман елдері арасында ажырасу көрсеткіші бойынша көш бастап тұрған жоқ. Бұл шетін мәселеде Оман мемлекеті алдыға шығып кеткен. Саудиялық "әл-Уатан" мерзімді басылымның дерегіне қарағанда, бұл елдегі шаңырақтың шайқалуына түрлі факторлар себеп болып отыр. Олардың арасында көңілге қонбайтындары да бар. Мәселен, ерлі-зайыптылардың бірі мейман келгенде табақ тарту кезінде қойдың басын ұсынбағаны үшін әйелімен арадағы некесін бұзған. Десе де мынаны айта кету керек, бұл елде ажырасу көбіне шариғат талаптары ерлі-зайыптылардың бірі сақтамағаннан орын алып жатады. Бұл мұсылман еместерге болмашы немесе ұсақ себеп болып көрінеді я болмаса олардың ақылына сыймайды.