Ажырасқан әйелдерге бұрынғы күйеуі мен туыстарын жамандауға тыйым салынуы мүмкін
Ажырасқан әйелдерге бұрынғы күйеуі мен туыстарын жамандауға тыйым салынуы мүмкін
10 ай бұрын 651 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қырғызстанда ажырасқан әйелдерге әлеуметтік желіде бұрынғы күйеуі мен оның туыстарының кемшілігін тізбелеп, оларды балағаттауға, жағымсыз пікір айтуға тыйым салынуы мүмкін. Заң жүзінде. Бұл жайында islam.kz порталы 24.kg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қоғамға зиянды әдетке тосқауыл қоюды көздейтін мұндай бастаманы Қырғыз республикасының министрлер кабинетінің жетекшісі Ақылбек Жапаров (суретте - ред.) көтерді. Шығыс мәдениеті мен салт-санасына жат әдетке тыйым салуды әуелі әлемжеліде мониторинг жүргізуден бастамақ. Дәлірегі, ол өзінің орынбасары Еділ Байсаловқа әлеуметтік желіде жарияланған жазбаларды бақылауды бастауды тапсырды. Осы орайда қырғыз ішкі істер министрлігінің дерегін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: өткен жылы (2023 ж.) аталған елде 13,1 мың тұрмыстық зорлық-зомдылық оқиғасы тіркелген, бұл зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің 95%-ы – әйелдер.

0 пікір
Мұрағат