|
Әжесін полицейлерден қорғаған үш жасар бала (видео)
|
Әжесін полицейлерден қорғаған қытайлық батыл бала Интернет қолданушыларының жүрегін жаулап алды. Әйел көше бойында заңсыз саудамен айналысқан. Үш жасар бала темір құбырды ала жүгіріп, тәртіп сақшыларына қарсы шықты.
Көшедегі жабайы сауда-саттыққа қарсы күресумен айналысатын инспекторлар үш жасар баланың ашуға булығып, "Кетіңдер! Менің әжеме тиіспеңдер!" дегенін естіп, көңілдері босады.
Полицейлер баланы тыныштандырып, шеткері алып кетті. Бірақ бала олардың "құшағынан" сытылып шығып, әжесін "ренжіткендерге" жұдырық ала жүгірді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Оңтүстіктен 1 млрд тонна мұнай мен газ қоры табылды. Миллиондаған тонна пайдалы қазба бар 29 кен орны табылды
■
Еуропалық ел халық санын он миллионнан асырмау жөнінде референдум өткізуі мүмкін
■
РАМАЗАН АЙЫНЫҢ КЕСТЕСІ - 2026. БИЫЛ ПІТІР МӨЛШЕРІ 735 ТЕҢГЕ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ
■
Көрші ел некелеспеуге және бала көтермеуге шақыратын контенттермен күресті күшейтеді
■
Малайзия қытай туристеріне бақылауды күшейтеді